Аса тартысты өткен бәсекенің ақтық белдесуіне «Жолбарыс» (Солтүстік Қазақстан облысы) және «Қайсар» (Қызылорда облысы) командалары жолдама алды.
Көпсайыс қорытындысында қайсарлықтар суырылып алға шыққанымен, екінші кезеңде жолбарыстықтар есепті теңестірді. Капитандар сайысында қызылордалық өрендер мүмкіндікті қалт жібермей, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Жеңімпаз командаға ауыспалы кубок пен заттай сыйлықтар табыс етілді. Жүлдегерлер де марапатталды.
«Былтыр ақтық сайыста алаң иелерінен ұтылып қалған едік. Бұл жолы бабымыз да, бағымыз да қатар шауып, есемізді қайтардық», дейді «Қайсар» командасының капитаны Айбар Ыбырайханов.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»